Қостанайда 11 шілдеде Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз конференциясы өтіп, ол жазғы кездегі өрт қауіпсіздігі мен құтқарушылардың суға түсу маусымына дайындығына арналды.

Ұйымның соңғы жарты жылдағы белсенділігінің нәтижелері туралы баяндап берген ТЖД бастығының орынбасары — подполковник А.Орынбаевтың сөзіне қарағанда, жыл басынан 596 өрт орын алып, 20 млн. теңге залал келтірілген. Сондай-ақ жалпы құны 11 млн. 600 мың теңге материалдық құндылық құтқарылған екен. Бірақ, ең бастысы, 250 жан құтқарылып, қауіпті төңіректен 462 адам шығарылған. 14 қаза болғандардың екеуі мас күйінде болған. 19 адам дене жарақатын алған екен.

Подполковниктің айтуы бойынша, Департамент бірқатар маңызды іс-шаралар, атап айтқанда «Қауіпсіз көлік», «Үйдегі қауіпсіздік», «Жоғары қабат ғимараттарындағы қауіпсіздік»,  «Табиғат — өмірдің қайнар көзі», «Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар» акцияларын атқарған және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, түсіндіру жұмысын жүргізуге басымдылық беріледі.

Сонымен қатар, А.Орынбаев судағы қайғылы статистиканы келтірді.

«Облыс су айдындарында 6 төтенше жағдай мен оқиға орын алған, нәтижесінде 6 адам суға батып кетті, олардың 2 балалар» — деп атап өтті подполковник А.Орынбаев.

Сарапшылардың пікірінше, судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері қауіпсіздік ережелерін сақталмауы, яғни жас балалардың жүзе білмеуі, ата-ана бақылауынсыз қалуы, рұқсат етілмеген жерде шомылу және ересектердің көбінесе мас күйде болатынына байланысты.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған басқа да сауалдарға нақты жауаптар қайтарылды.