Латын әліпбиі – б.з.б 7 ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы
ретінде пайда болып, қалыптасқан жазу. А. Байтұрсынұлы латын әліпбиі туралы өз пікірін 1924 жылы 12-18 маусым аралығында Қазақ АКСР-інің сол кездегі астанасы Орынбор қаласында өткен Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде оқыған «Әліпби тақырыпты баяндамасында» ашып айтқан.

фото на 1 материал
Қайыркелді ТӨКЕНОВ, «Амангелді ауданы  әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ басшысының у.м.а.

Ғалым жақсы әліпби таңдауда мынадай ұстанымдарға сүйенген:

1) жақсы әліпби тілге шақ болуы қажет;
2) Жақсы әліпби жазуға жеңіл болуы тиіс;
3) баспа ісіне қолайлы болуы тиіс;
4) үйретуге жеңіл болуы қажет.

Ал ресми түрде ол Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінен басталады. Сол жиында: «Қазақ әліпбиін  латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге
қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген ел, соның ішінде посткеңестік кейбір елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз
керек», деген салиқалы ойын білдірді.

Сондай-ақ латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы  халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді мүмкіндік туады.
Және түбі бір түркі дүниесімен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуге жол ашылады. Тұтастай алғанда, латын әліпбиіне көшуіміз – дұрыс таңдау. Жастар жағы латын әліпбиіндегі қазақ жазуын тез меңгеріп алады.

Мектепте ағылшын тілі оқытылатындықтан, олар латын әліпбиін тез  қабылдайтыны сөзсіз. Жаңа латын әліпбиі қолдануға өте ыңғайлы, әлемдік
жаңа технологияларға бейімделген, қазақ тілінің, сондай-ақ Қазақстанда тұрып
жатқан басқа да сан ұлттың тілдік жағдайларын да қамтитын жақсы алфавит болып шықты деп ойлаймын. Сондай-ақ латын әліпбиіне көшу қазақ
тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге
тиімді мүмкіндік туады. Және түбі бір түркі дүниесімен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуге жол
ашылады. Тұтастай алғанда, латын әліпбиіне көшуіміз – дұрыс таңдау. Жастар жағы латын әліпбиіндегі қазақ жазуын тез меңгеріп алады. Мектепте ағылшын
тілі оқытылатындықтан, олар латын әліпбиін тез қабылдайтыны сөзсіз. Жаңа
латын әліпбиі қолдануға өте ыңғайлы, әлемдік жаңа технологияларға бейімделген, қазақ тілінің, сондай-ақ Қазақстанда тұрып жатқан басқа да
сан ұлттың тілдік жағдайларын да қамтитын жақсы алфавит болып шықты деп ойлаймын.

Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіпөркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен
үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне
көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде
сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңызды.

 

Реклама