28 тамызда А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасымен бірлескен »Ономастикалық жаңару — рухани жаңғыру кепілі » атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

 Конференцияға республикаға белгілі ғалымдар, өлкетанушылар, мəдениет жəне білім саласының мамандары қатысты. Ғылыми жиында кеңестік дəуірден қалған, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды өзгерту мəселелері бойынша ғылыми тұжырымдар мен практикалық іс-əрекеттер көкжиегі талқыланды.


Реклама