Алтынсарин ауданындағы «Жайлау» демалыс базасында аймақаралық ақпараттық лагері құрылды. «JAS QOSTA» деп аталатын шараға Қостанай облысы аудандары мен қалаларынан, сондай-ақ, көршілес облыстарынан жастар келді. Аталмыш іс-шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев та қатысты.

Бұрын соңды Қостанай жерінде мұндай ауқымды жоба өтпеген. Сол себепті, жергілікті жастар асқан қызығушылық танытып, белсенділік көрсете білді. Жобаның мақсаты – жастардың бәсекеге қабілетті болуын, жаңаша ойлауын қалыптастыру. Жастар саясаты басақрмасының ұйымдастыруымен өткен шараға қонақтар да ризашылығын білдірді. Қонақтар демекші, «JAS QOSTA» аясында аймақ жастарымен кезедсіп, пікір алмасу үшін елімізге белгілі азаматтар да бой көрсетті. Мәселен, республикалық «Қасиетті Қазақстан» жобасының жетекшісі Берік Әбдіғали, белгілі саясаттанушы Саясат Нұрбек, блогерлер Талғат Қалиев пен Өркен Кенжебек және республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев бар.

Алғашқы сөз кезегі Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевқа берілді. Жастармен өткен еркін кезедсуде ол 2018 жылы атқарылған жұмыстарға тоқтала кетті. Марат Қонысбайұлының айтуынша, өңірде жастар бастамасымен іске асып жатқан жобалардың қатары артқан.

— «JAS QOSTA» ақпараттық алаңында біздің жастарға есімі елге белгілі спикерлер тәжірибелерімен бөлісіп жатыр.  Бұл жас өскінге серпін берері сөзсіз. Жалпы осы жылы жастар саясатын іске асыру үшін бюджеттен 200 млн теңге бөлінді. Барлығы 67 ірі жоба жасалды. Келесі жылы бұл сома өсетіні анық. Биылғы жылы біздің облыстың жастары бірталай жетістікке жетіп, абыройымызды асырды. Әнші Әміре мен боксшы Василий Левит, шахматшы Динара Асаубаева мен опера шебері Сүндет Байғожин елімізді әлемдік ареналарда танытты. Қазіргі таңда жастарды қолдау үшін казіргі таңда жастарды қолдауға абғытталған көптеген жобалар қолға алынған. Республикалық деңгейде мүмкіндіктер жетерлік. Бұдан бөлек, облыс әкімі де жастар мәселесін үнемі назарда ұстайды. Бүгінгі іс—шара соның айқын дәлелелі деп білемін. Алдағы уақытта да әлі талай жобаларды жүзеге асыратын боламыз. Сіздер сапалы білім алып, қалаған пайдалы дүниемен шұғылдану үшін жағдай жасайтын боламыз. Иә, кейде жағымсыз оқиғалар да болып жатады. Бірақ бұл барлық аймақта болатын нәрсе. Дегенмен, жол бермеуге тырысамыз, — деді Марат Жүндібаев.

Елбасы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынғаны белгілі. Марат Жүндібаев айтқандай, ендігі жылы облыс әкімі жастардың білім алуына 200 грант бөледі. Оның 100-і денсаулық сақтау саласына бағытталмақ. Себебі, өңірде дәрігерлер тапшылығы байқалды. Тағы бір жаңалық, облыста бес жатақхана пайдалануға беріледі. Оның екеуі Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне тиесілі болса, қалған үшеуін колледждер салады. Айта кетейік, Қостанайдағы ЖОО-ларда 17 мың студент, колледж-лицейлерде 23 мың студент білім алады.

— Осы жылы облыстық жастар саясаты басқармасына студенттік кеңесті жандандыруды тапсырдық. Өйткені, маңызды бастамаларды қолға алғанда жастардың пікірі маңызды. Бұл идеяны облыс әкімі қолдап отыр, — дейді әкім орынбасары.

Сонымен қатар, 2019 жылдың көктем айында облыстық жастар саясаты басқармасы мен жастар ресурстық орталығы бір ғимратқа көшірілетіні айтылды. Олар жұмыстарын жаңадан салынып жатқан Ұлттық-мәдени орталықта жүргізбек. Ғимаратта 1000 орынға арналған концерт залы болады.

Жастардың жиынында спикерлер де келелі әңгіме қозғай білді. Саясаткер Саясат Нұрбек жастарға біраз ақыл-кеңес айтты.

-Елбасы айтатын «бәсекеге қабілетті болу» дегенді қалай түсінеміз? Ол өзара тайталасу емес, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болу керек. Дамыған мемлекеттердің білімді жастары еңбек нарығына шықты. Солармен біліміміз бірдей болуы қажет. Өйткені, халқы көп елдердің жастары өздерінің бақтарын сынау үшін, жолын табу үшін өзге мемлекеттерге сапар шегеді. Олар бізге де келеді. Қазір жабық болып отыру мүмкін емес, сондықтан біздің нанаымызға жармасатыны сөзсіз. Сол жерден өз орнымызды таба аламыз ба? Сол себепті, тіл білу керек, білім іздеу керек. Уақытты босқа жоғалтпаған жөн. Жаңа техникалар, құлтмерілер тұрмысқа еніп кеткелі қашан. Алдағы уақытта қыруар мамандық керек бомлай қалады. Бәрін роботтар істейтін болады. Сондай адамзат қандай жұмыспен айналыспақ? Соны осы бастан ойланыңдар. Мамандық таңдауда қателеспеңдер. Біз үшін сол роботтар әлі бола қоймас кез сияқты. Бірақ, дамыған мемлекеттерде құлтмер қыруар жұмыс атқарады. Алдағы 10-15 жылдың ішінде біздің де еңбек нарығына солар келеді. Сол себепті, өздеріңді дамытыңдар, ізденіңдер,-дейді Саясат Нұрбек.

Жиын барысында жастар спикерлерге сұрақтар қойды. Шетелдерде білім алу жайлы сұрады. Жастардың сауалдарына облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев та, спикерлер де жауап берді.

Ал республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев мұндай ауқымды шараның Қостанайда өткені таң қалдырды дейді.

-Негізінен оңтүстік пен батыстың жастары өте белсенді. Ал солтүстіктегі жастар қатарға көп қосыла бермейді. Осындай ауқымды шараның Қостанайда өтетінін естігенімде таң қалдым. Мен өзім Қостанайда туып-өстім, жерлестерімнің серпін ала түскенін көріп қатты қуандым. Енді бұнымен тоқтап қалмай, тынымсыз жұмыс істеу керек. Қостанай жастары да белсенді, дарынды екенін көрсетіңіздер. Осындай шараны ұйымдастырған Қостанай облысы Жастар саясаты басқармасына алғыс айтамын,-дейді республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев.

«JAS QOSTA» жобасы аясында жастар «Жайлау» демалыс базасында үш күн болды. Осы уақыт ішінде олар пікірталас алаңын құрады, өздерінің бизнес жоспараларын ортаға салды. Әр жақтан келген жастар өзара танысып, тәжірибе алмасуға ниетті. Алдағы уақытта дәл осындай жастар алаңы жиі өткізілмек.

Еркін ТҰРСЫН