Қостанай облысында барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері басталды. Облысқа қарасты аудандардың арасынан алғаш болып Қамысты және Денисов аудандарының әкімдері тұрғындар алдында өткен жылдың ілкімді істері жайында баяндады. Бұл жиындарға өңір басшысы Архимед Мұхамбетов қатысып қайтқан болатын. Айта кету керек, биылғы жылдың 15 қаңтарынан бастап, бүгінге дейін облыстың аудан және ауыл әкімдері халықпен 524 рет кездесу өткізген. Есеп беру кездесулері 15 ақпанға дейін жалғасатын болады.

Облыс әкімі Архимед Бегежанұлы аудандарға жасаған сапар барысында қос аудандағы бірқатар әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандарды да аралап, тұрғындармен жүздесіп үлгерді. Көпшілік көкейінде жүрген сауалдарға жауап беріп, аудан басшыларының жұмысын бағалады.

Мақаланы толықтай «Қостанай-Агро» газетінен оқи аласыздар.