«Адал ұрпақ» слетін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мен Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Облыс орталығында өткен «Адал ұрпақ» патриоттар клубының слеті барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымы бар белсенді балаларды атап өтті.

Облыстық слетке өңірдегі барлық қалалар мен аудандардың делегаттары қатысты.

Айта кету керек, 2016 жылдан бастап Қостанай облысында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыс істейді. Бұл клубтар облыстың барлық мектептерінде бар және 13 мыңға жуық оқушыны қамтиды. Осы жылы бұл іс-шара төртінші рет өткізіліп отыр.

Слетке қатысушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімов құттықтау сөз сөйледі, ол осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығы мен қажеттігін атап өтті.

Реклама