Қостанайлықтар «Qostanaı kómek alańy» жаңа кеңседе мемлекеттік қызметтерді ала алады. Қостанайда қалалық әкімдік ғимаратында орналасқан «Qostanaı kómek alańy» фронт-кеңсесі салтанатты түрде ашылды. Жаңа заманауи кеңсе енді «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетудегі орталық буынға айналады. Фронт-офис жаңа кедергісіз кеңістік.

Кеңсені салтанатты түрде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басшысы Салауат Мүксімов ашты.

Айта кету керек, аталмыш фронт-кеңсе Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы: табыс пен өмір сүру сапасының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппаратқа қатысты тапсырмаларын көрсететін «Қостанай-адал алаңы» жобасын іске асыру аясында ашылды.

Реклама