Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы халықтың мемлекеттік билікке сенімін нығайтатын тетіктердің бірі екені рас. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті конкурстық рәсімдер өткізілетін мемлекеттік органдармен кандидаттарды іріктеу кезінде және байқаушы ретінде конкурстық комиссияның өткізу кезінде, конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу барысына ерекше көңіл бөледі.

Цифрландыру жағдайында қазіргі уақытта кандидаттардың онлайн байланыс режимінде әңгімелесуден өту мүмкіндігі бар. 2019 жылғы 8 мамырда Қостанай ауданында бос лауазымға үміткер Алтынсарин ауданынан үміткермен әңгімелесу өткізілді. Әңгімелесу онлайн режимінде өтті.

Реклама