Адами капиталды дамыту мақсатында – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бағыттары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Зерде» холдингі АҚ-мен бірлесіп халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту бойынша әдістеме мен оқу бағдарламаларын әзірледі.

Ағымдағы жылы еліміздің әр өңірінде халықты сандық сауаттылықтың базалық құзыреттеріне оқыту бойынша іс-шаралар өткізу жоспарланған. Соның бір парасы Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің қабырғасында өтті. Облыс әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ және «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдерімен бірлесіп халыққа арналған базалық сандық дағдыларға оқыту курсын ұйымдастырды.

Реклама