Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры Өзбекстан республикасындағы Қазақстан жылы аясында Ташкент қаласына гастрольдік сапармен барып келді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов театр ұжымымен бірге гастрольдік сапар жайында және алдағы жоспарлары туралы тілшілермен сұхбаттасты.

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры Ташкент академиялық театры сахнасында «Хан Кене», «Әнім сен едің» (Шәмші туралы тамшылар), «Мұңмен алысқан адам» спектакльдерін көрсетті.

— Көрермен қауымның ықыласы өте керемет болды. Өзбек ағайындардың біздің өнерімізге деген құрметі шексіз. Арасында өзіміздің қандастарымыз да көрермен болып отырды. Тіпті, сондағы қазақтардың бірі біздің ұжымға арнайы дастархан әкеліп жайып, ілтипаттарын көрсетіп жатыр, — деді театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бегайдаров.

Труппа елге қайтарда жолда Түркістан облысына да соғып, Отырар ауданының ұлы сазгері Шәмші Қалдаяқов туған ауылда «Әнім сен едің» (Шәмші туралы тамшылар) спектаклін қойып келіп отыр.

Реклама