«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы«Қазақстан-2050» демократиялық күштердің аймақтық коалициясының отырысын өткізді. Ел өміріндегі елеулі саяси оқиғаның қорытындысы талқыланған жиынға коалиция мүшелігіндегі партия жетекшілері мен белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар және Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері қатысты. Коалиция мүшелері президент сайлауының нәтижелеріне қолдау білдіріп, мемлекет басшысының белгілеген он бағытын талқылады.

Жиналысқа қатысушыларҚазақстан халқының ертеңі мен ел экономикасына тікелей әсер беретін бірден-бір жоба екендігін тілге тиек етті.

-Ел Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыруда біздің ауызбіршілігіміз бен ынтымағымыз керек. Бәріміз осы мақсаттарды жұмыла жүзеге асырамыз деп сенемін. Ел экономикасының, елдің мүддесі мен халықтың әл-ауқатының тұрақты дамуы үшін аянбай еңбек етуіміз керек, — деді аймақтық коалиция төрағасы Михаил Дәуенов.

Реклама