23 маусымда атап өтілетін Қазақстан полициясы күні қарсаңында Қостанай қаласының тұрғындары полицияның қалай жұмыс істейтінін көрді. Бұл күні Полиция департаментінде Ашық есік күні өтті.Ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлері полицияның қару-жарағын және әскери техника мен жедел басқару орталығының жұмысын көрсетті. Сондай-ақ, келушілер полиция мұражайында ішкі істер органдарының қалыптасуының негізгі кезеңдерімен танысты.

Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара соғыс және бейбіт уақытта қаза тапқандардың монументіне гүл қоюдан басталды. Қала тұрғындары үшін полиция қызметкерлерінің күшімен концерт ұйымдастырылды. Осы күні бір жарым мыңнан астам қала тұрғыны тәртіп сақшыларының жұмысын көріп шықты.

Мәселен, Жұмасұлтановтар Ашық есік күніне бүкіл отбасымен келген. Оларға Жедел-криминалистикалық басқармасы ұсынған экспозиция ерекше ұнады. Мұнда георадар, топырақта түрлі заттарды табуға көмектесетін құрал бар. Сондай-ақ, көздің жасырын дақтарын, соның ішінде қанын көруге болатын жарық көздерінің жиынтығы. Одорологиялық чемодан-қылмыс орнынан иіс іздерін алуға арналған.

— Маған полицияның қалай жұмыс істейтінін білу өте қызықты болды. Мұнда жұмыс істеуге және қылмысты ашуға көмектесетін техникалар көп. Осындай іс-шара маған көп әсер қалдырды, — дейді Жадыра Жұмасұлтанова.