Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына Қостанай облысының 11 азаматы құқық қорғау мәселесі бойынша жүгінген. Әрбір өтініш бақылауға алынып, тиісті шешімдер қабылданды. Бұл жолы тұрғындарды Қостанай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нығмет Исмағұлов қабылдады.

Елена Кузьменко жарты жылдан бері саяжайын қасқана өртеген адамды таба алмай, шығынның орнын толтыра алмай әлек. Осы қылмыстық істі тергеу барысында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптама тағайындалды, бірақ күдікті адам әзірге анықталған жоқ. Елена Кузьменконың ойынша күдіктілерді іздеу үшін қажетті жұмыс жасалып жатқан жоқ деп санайды.

Қазіргі уақытта полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нығмет Исмағұлов полиция бөлімінің басшысына осы қылмыстық істің тергелуін бақылау туралы тапсырма берді.

Реклама