Арқалықтағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейіндеҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Көктем көркі — қызғалдақ» атты тұрақты экспозициялық көрме ашылды.

Көрменің ашылу салтанатына өлкетанушы, Арқалық қаласының құрметті азаматы Шөптібай Байділдин мен Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының «Химия, биология және география» кафедрасының меңгерушісі, PHD докторы Қарлығаш Қоразбекова құттықтау сөз сөйлеп, лентасын қиды.

«Елбасымыз өзінің тарихи мақаласында атап көрсеткендей, қазақ даласы алма мен қызғалдақтың тарихи отаны екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым әрі ерекше гүлдер өзінің әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін баурап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының өскіндері», — дейді көрмемен таныстырған музейдің ғылыми қызметкері Гүлсім Ғабдулина.

Мұрат Жүнісұлы.