Қостанай облысындағы ірі елді мекендердің бірі – Рудный қаласы. Бұл кен байлығымен аты шыққан шаһар. Мұнда Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіметаллургия саласының ірі кәсіпорны жемісті жұмыс істеп келеді. Сонау 1954 жылдың маусым айында кен орны Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты ретінде құрылған болатын. Міне, осынша уақыт бойы жергілікті тұрғындар осы кәсіптің игілігін көріп отыр. Жуырда кеншілер қаласында «ERG қаласы» атауымен Қостанай өңіріндегі әлеуметтік жобалар байқауының ақтық кезеңі өтті.

Темір кентасы концентратын қожды шекемтас өндіреді, уатылған шикі кентас, доломит, әктас, қиыршықтас қазып алады. Бірлестік Қазақстанда ғана емес, темір кентасын өндіретін және байытатын жетекші кәсіпорындардың қатарына жатады. Оның құрамына кіретін Сарыбай, Соколов, Қашар, Қоржынкөл кеніштерінің кентасты пайдаланатын жалпы теңгермелік қоры 3,4 млрд т көлемінде. Индустрия алыбының құрамында бұлардан басқа Соколов жер асты кеніші, кентас дайындау, кен байыту басқармалары, жентектеу фабрикасы жұмыс істейді.

Сондай-ақ оның құрамына кен-теміржол көлігі басқармасы, автокөлік басқармасы, Алексеевск доломит және Қызылжар әктас кеніштері, жөндеу-механика зауыты, бірқатар көмекші бөлімшелер де кіреді. Сарыбай кеніші қазіргі кезеңде 411 млн 400 мың т темір кентасын шығарады. 1999 ж. кен орнына 10 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды. 2005 ж. бұл қаржы 100 млн долларға жетті. Осы жылы бірлестік 35 млн тонналық жобалық қуаттан жоғары деңгейге көтерілді.

«ССКӨБ» АҚ, «Қазақстан Алюминийі» АҚ қарасты Краснооктябрь боксит кен басқармасы (КБКБ) мен Торғай боксит кен басқармасы (ТБКБ) қызметкерлері ұсынған үздік жобалар 2020 жылы жергілікті әкімдіктермен арада жасалатын өзара әріптестік жөніндегі Меморандумдар аясында қаржыландырылып, компанияның «туған қалаларында» жүзеге асырылады. Сондықтан «ERG қаласын» облыстық әкімдік пен Еуразиялық Топ арасындағы ілкімді диалог деуге әбден болады.